26 желтоқсандағы саудада доллар тағы арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 461,10 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқа валюталармен сауда болған жоқ.


ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, еуро бағамы – 490,1 теңге, рубль – 6,81 теңге, қытай юані – 66,15 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-468 ​​теңге, еуро 488-494 теңге, ресей рублі 6,35-6,65 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 26 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 2,99%-ға өсіп, барреліне 83,95 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы 2,07%-ға өсіп, барреліне 79,25 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды