Төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң наурызда қолданысқа енеді

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң биыл наурыз айынан бастап қолданысқа енеді", - делінген үкімет хабарламасында.

Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқығын қорғауға бағытталған.

Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:

Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Сонымен қатар азаматтардың міндетті түрде қаржы сауатын арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр. Осы шаралардың барлығы банкроттық рәсімінен кейін азаматтың төлем қабілетін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.


"Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өзі мүдделі болуға тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек", — деп қорытындылады премьер-министр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды