Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы көтерілді

Сурет: unsplash
ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы өкімімен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, сүзгісі бар, сүзгісіз 20 темекінің, темекінің, папирос, сигарилла және қыздырылған темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 650 теңге болып белгіленді.

Былтырғыға қарағанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 60 теңгеге өсті.

Бұйрық 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап сүзгісі бар, сүзгісіз 20 темекінің, темекінің, папирос, сигарилла және қыздырылған темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 630 теңге болады деп бұрын жоспарланған еді.

2022 жылдың екінші жартыжылдығында темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы қорабына 590 теңге болды. Айта кетейік, Қазақстанда темекі жылына екі рет қымбаттайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі