Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп Жезқазған қаласындағы "К" жеке тұлғасында алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады.
Ұзақ уақыт бойы аталған жеке тұлға ПЭТ-бөтелкелерде шығу тегі белгісіз алкоголь өнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі заңсыз қызметті жүзеге асырғаны атап өтіледі.
"Бірлескен іс-шараларды өткізу нәтижесінде халыққа сатуға дайындалған 8 855 литр көлеміндегі 5 литрлік ПЭТ - сыйымдылықтағы алкоголь өнімі, сондай-ақ 5 821 қорап темекі табылып, тәркіленді. Алкоголь және темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын қолдануды ескере отырып, алынған өнімнің жалпы құны 20 млн теңгеден асады". ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Заңсыз кәсіпкерлік) 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Осылайша, заңсыз кәсіпкерлік фактісінің жолын кесумен қатар, тұрғындардың сертификатталмаған алкоголь өнімдерімен жаппай улануына жол берілмегені де баса атап өтіледі.