Ісі сотқа өтіп кеткен азамат банкроттыққа өтініш бере ала ма

Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Параграф» ақпараттық жүйесі өткізген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы конференцияда азаматтар жеке басына қатысты сұрақтарына жауап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конференцияда "Егер азаматтың ісі сотқа өтіп кетсе, банкроттыққа өтініш бере ала ма?" деген мәселе талқыланды. Осы сұрақ бойынша ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов түсіндіріп берді.

"Бізде қандай да бір шектеулер жоқ. Егер іс қазір сот шеңберінде қаралып жатса, ол азаматтың құқығы шектелмеген. Ол бізге арыз бере алады", - деп жауап берді вице-министр.

Сонымен қатар қаржы министрі азаматтарға несиеден жалтару үшін ғана өтініш берудің қажеті жоқ екенін тағы бір ескертті.


"Несиеден жалтару үшін банкроттыққа өтініш беруге болмайды. Банкроттық шынымен қиын жағдайда қалған азаматтарға арналған. Халыққа жақсылап түсіндіру керек. Банкроттық рақымшылдық емес, бұның салдары бар. Өте қатал. Сондықтан осындай шешімге келерде азаматтар ойлануға тиіс."Ержан Біржанов


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды