1 наурыздағы саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,55 теңгеге төмендеп, 442,11 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 0,08 теңгеге төмендеп, 64,13 теңге (-0,20) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 472,75 теңге, рубль бағамын 5,96 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443-446,5 теңге, еуро 470-475 теңге, ресей рублі 5,7-6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 1 наурыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсті.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,62%-ға өсіп, барреліне 83,97 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері барреліне 0,62%-ға өсіп, 77,53 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді