Журналистер Қаржы министрінен елдегі тауар бағасының жағдайын сұрады. Министр бұл мәселе бойынша не күтуге болатыны туралы пікірін айтты.
"Біз тауар бағасы төмендейді деп ойлаймыз. Өйткені әдетте доллар қымбаттаған кезде импорт тауарларының бағасы көтеріледі. Осыған байланысты импорт тауарлардың бағасы біртіндеп төмендейді деп күтеміз".Ерұлан Жамаубаев
Оның пікірінше, жалпы экономикадағы инфляция біртіндеп төмендейді.
"Қазір инфляция ең жоғары көтерілетін айлар. Инфляция 20 пайыздан асты. Екі-үш айдан кейін төмендейді деп ойлаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін біз 7,5-9,5 пайыз аралығында бағалап отырмыз".Ерұлан Жамаубаев
Министр үкімет бұл деңгейді бақылайтынын, сондықтан жалпы бағаның төмендеуі болжанғанын айтты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың ақпан айында инфляция былтырғымен салыстырғанда 21,3% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлік емес тауарларға – 20,5%, ақылы қызметтердікі 15% өсті.