Жемқорлардан тәркіленген мүлік енді қазақстандықтардың қажетіне бағытталуы мүмкін

Сурет: unsplash
2 наурызда ҚР парламенті сенатының отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тәркіленген мүлікті сату қағидаларына өзгеріс енгізіп, оны мемлекеттік органдарға ғана емес, қазақстандықтардың қажетіне де бағыттай алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерұлан Жамаубаевқа журналистер "Жемқор шенеуніктерден тәркіленген мүлік неге мемлекет пайдасына ғана бағытталып жатыр? Оны сатып, қазақстандықтардың қажетіне қаражат беру оңай емес пе еді?" деген сұрақ қойылды.
Баспасөз өкілдері мысал ретінде тәркіленген Lexus автокөлігінің аукцион арқылы Бас прокуратураға тапсырылғанын, ал жақында Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті электрон мемлекеттік сатып алулар сайты арқылы Hublot маркалы люкс сағаттарын көрмеге қойғанын айтты.

Министр әзірше жемқор шенеуніктерден тәркіленген мүлікті тек мемлекет пайдасына беру ғана қамтылғанын, бірақ бұл ережелерді қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты.
"Талқылаймыз. Қандай да бір өзгерістер бола ма, жоқ па, сонда көреміз".Ерұлан Жамаубаев

Бұл ретте «Лексус» көлігіне қатысты ол «тиісті мемлекеттік мүлік комитетіне жекешелендіруді қарауды» тапсырғанын атап өтті.

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға келсек: былтыр олар қазақстандықтардың мұқтаждығына аударылған. Күзден бері арнайы есепшот жұмыс істеп, бүгінде ол бойынша жемқорлардан тәркіленген 120 миллиард теңге бар. Бұл қаражат мектептерді жөндеуге жұмсалады.

Бұған дейін БАҚ-та 50,5 миллион теңгеге сатып алынған Лексустың тәркіленгені хабарланған еді. Ол медицина құрал-жабдықтарын сатып алу кезінде ұрланған ақшаға алынған. Көлік бюджет шығынын өтеу үшін сатылады деп жоспарланды. Бірақ ол Бас прокуратураның балансына берілді.
Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз