Қазақстандағы инфляция бір жылда 20,5%-ға дейін өсті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы наурызда инфляция былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,1% (ақпанда – 21,3%) болды. Азық-түлік тауарлары 20,5%, азық-түлік емес тауарлар 18,1%, ақылы қызметтер 14,4% қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың наурыз айымен салыстырғанда қант 77%, кір сабын 73,3%, кеңсе тауарлары 72,8%, балалар сабыны 55,6%, пияз 55,1%, ыдыс жууға арналған құрал 53,9%, кептірілген өрік 53,6%, дәретхана қағазы 49,5% қымбаттады. Керісінше, жылдық көрсеткіште қырыққабат 51,1% арзандаған.

Тұтыну бағасының индексі бір айда 0,9% болып, өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеді. Мәселен, 2023 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%, азық-түлік емес тауарлардың, ақылы қызметтердің әрқайсысы 0,8% өсті.

"Азық-түлік өнімдерінен көкөністер наурызда, мысалы, қызанақ 12,7%, тәтті бұрыш 4,9%, қырыққабат 4,5%, қызылша 3,6% қымбаттады. Күріш (3,4%) пен алкогольдің (3,3%) қымбаттағаны байқалды. Айран 2,5%, сүт 2,8%, банан 2,2%, сиыр еті мен ашытылған сүт өнімдері 2,1%, сары май 1,4%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар, кондитерлік өнімдер 1,3%, қияр 7,3%, қант 2,1%, қарақұмық 2% арзандады.Ұлттық статистика бюросы


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз