Қазақстанда неке сақиналары бірден 36% қымбаттады

Сурет: unsplash
Елімізде бір жылда алтын неке жүзіктері 35,6% қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, бір жыл бұрын сақина бағасы 5,7% ғана өскен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: бірден 71,6% өскен. Жетісу (61,7%) және Алматы (60,1%) облыстары да алдыңғы қатарда.

Алтын неке сақиналары Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттаған. Мұндай сақиналардың құны Ақтөбе (3,7%-ға), Атырау (6,9%-ға) және Батыс Қазақстан (10,7%-ға) облыстарында ең аз өскен.

Елімізде 2023 жылдың ақпан айында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жылда 33,2% өсті. Бір жыл бұрын өсім небәрі 6,2% болған еді.

Зергерлік бұйымдар өндірісі жылына 1,4 млрд теңгеге тең болды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда құндық мәнде 4,4% артық. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы