24 мамырдағы саудада доллар қымбаттады

Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,68 теңгеге көтеріліп, 444,44 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа бағамы да өсіп, 62,70 теңге (+0,16) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 476,15 теңге, рубль бағамын 5,51 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңге, еуро 477-484 теңге, ресей рублі 5,5-5,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 24 мамырдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны барреліне 1,55%-ға өсіп, 78,03 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 1,84%-ға өсіп, барреліне 74,25 доллар болды.
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз