30 мамырдағы саудада доллар бағамы күрт өсті

Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,57 теңгеге көтеріліп, 447,08 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,81 теңге (-0,14) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 476,27 теңге, рубльді 5,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447,5 теңге, еуро 477,5-481,5 теңге, ресей рублі 5,45-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

30 мамырдағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 76,08 долларға дейін 1,32%-ға арзандады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 1,16%-ға арзандап, барреліне 71,83 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз