Алматыда кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру мәселелері талқыланды

Алматыда кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 38-ші пленарлық апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пленарлық апта аясында ҚМА төрағасы Жанат Элимановтың БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарушы кеңсесінің Бас директоры Хамид Әл Заабимен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ БАӘ-нің Қаржылық барлау бөлімінің басшысы Али Файсал Ба’Алави, Бас операциялық директор Уалид Аль Ауадхи және коммуникациялар мен стратегиялық серіктестік жөніндегі директоры Мохамед Шало қатысты.

Тараптар екі елдің қаржылық барлау бөлімшелерінің ынтымақтастық мәселелерін талқылады. БАӘ-нің жасанды интеллектке негізделген IT-технологияларды енгізу тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.Қазақстан бұл тәжірибені аумақтық және халықаралық деңгейде заңсыз қаржылық операцияларды неғұрлым тиімді анықтау мақсатында зерделеуге ниетті.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында тараптар бірлескен жұмысты жандандыру туралы келісімге қол жеткізді.

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерді Дубай Халықаралық қаржы орталығының академиясы базасында оқыту туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Кездесу соңында Жанат Элиманов осы жылдың шілде айында Абу-Дабиде өтетін “Эгмонт” тобының алдағы пленарлық отырысының сәтті өтуіне тілек білдірді.

Тараптар бұл кездесудің қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күресте екі елдің ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға жаңа серпін береді деген ниет білдірді.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: