14 маусымдағы саудада доллар бағамы көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,57 теңгеге көтеріліп, 450,16 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,61 теңге (+0,12) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 484,69 теңге, рубльді 5,35 теңге (-0,08) деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-451,5 теңге, еуро 485-488,5 теңге, ресей рублі 5,25-5,49 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтеріле бастады.

Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 74,42 долларға дейін 0,17%-ға көтерілді.

WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстердің құны 0,03%-ға көтеріліп, 69,44 доллар болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды