Forbes тізіміндегі байдың иелігінде болған 3500 га жер мемлекетке қайтарылды

Сурет: freepik
Алматы облысы прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы 2017 жылы Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкерге заңсыз берілген 3500 гектар жерді мемлекетке мал жаюға арналған жер тізімінен алып тастау арқылы қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерді үшінші тұлғаларға беру фактісін болдырмау үшін аталған жерлерді жергілікті тұрғындарға ортақ жайылым ретінде беру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері прокурорлар кадастрлық құны 714 миллион теңге болатын 26,8 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Ол жерлер жоғары лауазымды шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлерге тиесілі еді.

Бұл жерлер жылдар бойы нақты бір мақсатқа пайдаланылмаған, мал азығы дақылы өңделмеген, бұл шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық малы болмаған. Ал осы уақытта басқа диқандар егін мен жайылым жеріне өте мұқтаж болды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды