Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңсіп, 15,9%-ды құрады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2023 жылдың мамыр айында елде жылдық инфляция баяулап, 15,9%-ды құрады (сәуірде – 16,8%), деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтар бойынша инфляция барлық 19 өңірде бәсеңдеді. Ал бір өңірде (Ақмола облысы) инфляция көрсеткіші бұрынғы 17,6% деңгейіндегі мәнін сақтай отырып, өзгерген жоқ.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 16,5%-ға дейін (сәуірде – 17,9%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (20,7%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (14,3%) мейлінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 17,2%-ға дейін баяулады (сәуірде – 18,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (23,6%), ең төмен мән Алматы облысында (14,1%) тіркелді.

Мамырда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 13,7%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ақмола облысында (18,1%) біршама жоғары, Астана қаласында (10,2%) айтарлықтай төмен өсті.

2023 жылғы мамырда елде айлық инфляция 0,6%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары мамырда 0,5%) жоғары.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз