Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары ұлғайды

Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына енген түзетулерге сәйкес қатты пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда:

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қантардағы тау-кен секторының жаңа кен орындарын барлау және игеру үшін қосымша жеңілдіктерді пысықтау қажеттігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Салық кодексінің 746-бабының 3-тармағында көзделген шарттарды бір мезгілде сақтай отырып, өнеркәсіптік өндіру басталған сәттен бастап алпыс ай (5 жыл) ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану көзделген.

Сондай-ақ, егер тау-кен секторының кен орны бойынша (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобына, кен орнының бір бөлігіне) рентабельділік деңгейі 5 пайыз және одан аз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінде белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын қолдану құқығы берілді.

Салық кодексінің 745-бабының 6-тармағына минералдық шикізатты сату толық болмаған кезде кен орнында есептен шығарылған қорлар құрамынан алынатындарын (ысыраптарды қайтару) қоспағанда, пайдалы қазбалары бар минералдық шикізаттың құнын айқындау мақсатында өзгерістер енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды