13 шілдедегі саудада доллар бағамы қайта өсе бастады

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 443,40 теңге болып, бірден 2,53 теңгеге көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 61,64 теңге (+0,52) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 485,62 теңге, рубльді 4,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443,5-446,5 теңге, еуро 491,5-496 теңге, ресей рублі 4,85-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 13 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы өсе түсті.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,26 долларға қымбаттап, 80,37 долларға сатылды.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында "Лайт" маркалы мұнайдың бағасы 0,19 долларға өсіп, барреліне 75,94 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз