Жалпыға бірдей декларациялау: қағаз түрінде есеп тапсыру мерзімі аяқталады

Сурет: pexels
2023 жылғы 17 шілдеде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталады. Бұл жөнінде ҚР ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, бүгінгі таңда 1,5 миллионнан астам жеке тұлға 250.00 нысанды "кіру" декларациясын ұсынды.

Қазақстанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) алғаш рет мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынады.

Қағаз түрінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін тапсыру мерзімі 2023 жылдың 15 шілдесінде, электрондық түрде 2023 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады.

Комитет өкілдері мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталатынын ескертті.

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары әр түрлі сервистерді пайдалана отырып, декларацияны ұсына алады ("Салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.salyk.kz), e-salyq Аzamat мобильді қосымшасы, eGov.kz порталы және egov mobile мобильді қосымшасы).

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты жері бойынша, ал жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды