27 шілдедегі саудада доллар сәл қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге көтеріліп, 444,72 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа бағамы да өсіп, 62,29 теңге (+0,23) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 492,01 теңге, рубльді 4,94 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 494-498 теңге, ресей рублі 4,85-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 26 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы кешегіден қайта көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне 83,66 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,89%-ға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы 1,04%-ға өсіп, барреліне 79,6 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді