Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,11 теңге (-0,23) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 492,1 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 445-448 теңге, еуро – 488-492,5 теңге, ресей рублі – 4,77-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 1 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,36%-ға төмендеп, барреліне 85,12 доллар болды. Дүйсенбіде бұл келісімшарттар 1,2%-ға өсіп, барреліне 85,43 доллар болған еді.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,32%-ға арзандап, барреліне 81,54 доллар болды. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша ол 1,5%-ға өсіп, барреліне 81,8 доллар болған.