Үкімет ТЖМ-ның бөлімшелеріне арнайы құрылғылар алу үшін 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Сурет: Zakon.kz
Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуге өз резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Құжатқа сай, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады.

Бүгінде ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті. Сонымен қатар қазір ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады. 


"Жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген үкімет хабарламасында.

Еске салайық, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс