Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 15 күн қалды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда 2023 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің декларациясын электрон түрде тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет табыс етеді. Мұндай ұйымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар және олардың жұбайлары (мұндай ұйымдардың штаттық қызметкерлері болып табылмайтын) 2023 жылы декларацияны табыс етпейді.

"Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады. Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша табыс етеді", - делінген хабарламада.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудың толық нұсқаулығы мына сілтемеде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін