1 қыркүйектегі саудада доллар үш теңгеге арзандады

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3 теңгеге төмендеп, 456,39 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,76 теңге (-0,43) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 499,82 теңге, рубльді 4,77 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,5-461 теңге, еуро 495,5-499,5 теңге, ресей рублі 4,71-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 1 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,16%-ға өсіп, барреліне 86,97 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,22%-ға өсіп, барреліне 83,81 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды