Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы аясында 70 мыңға жуық заем берілген

Сурет: freepik
ҚР Ұлттық банкі "7-20-25" ипотекалық бағдарламасына қанша қазақстандықтың ілінгені туралы соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 944,4 млрд теңгеге 69 891 қарыз берілді.

Бағдарлама бойынша ең көп ипотекалық несие алғандар - Астанада. Елордалықтарға 389,4 млрд теңге сомасына 24 840 заем берілді. Одан кейін Алматы (212,4 млрд теңгенің 13 778 заемы) тұр, үшінші орында – Шымкент (64,3 млрд теңге сомасына 5 234 заем).


Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі


2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда "7-20-25" бағдарламасын пайдаланған қазақстандықтардың саны небәрі 748 адамға өсті. Қазақстандықтар ипотекалық несие алу қиын екенін, ал бағдарламаға бөлінген ақша өтінімді рәсімдеуге мүмкіндік берместен бірнеше минутта аяқталатынын айтады.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы Қазақстанда 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, 2023 жылы ол бойынша 100 млрд теңгеге дейін заем бөлу жоспарланған.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты