Қаржы министрлігі Қазақстан жұмысшыларын Түркиядағы қонақүйге жіберуді қарастырады

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан жұмысшыларын Анталиядағы мемлекеттік қонақүйге жіберу идеясын қарастыруға уәде берді. Қонаүй "Елбасы қорынан" мемлекет меншігіне өткен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет енді оны электронды аукцион арқылы сатуға тырысқан. Алайда әзірше сатып алушы жоқ. Журналистер ол жерге қазақ жұмысшыларын, мысалы, кеншілерді тегін жіберуге бола ма деп сұрады.

"Ұсыныс қабылданды, біз қарастырамыз. Көргендер болса, салынған кезде ол бес жұлдызды қонақүй болған. Бірақ уақыт өте келе кез келген ғимарат моральдық жағынан да, физикалық тұрғыдан да ескіреді. Кейде оны жөндегеннен гөрі жаңасын салу оңайырақ болады. Бұл қонақүйге жеке өзім барған жоқпын. Оны жөндеуге қомақты қаражат керек болар, әйтпесе кез келген инвестор сатып алар еді. Тіпті өз адамдарымызды, қазақстандықтарды сол қонақүйге жібереміз деп шешсек те, бұл олар үшін тиімді бола қояр ма екен? Бұл - тұтас бәсекеге толы сала. Адамдарды еш қаржылай мақсатсыз жай демалуға жіберу... Қарап, түгендеу керек. Бәлкім оны сатқан оңайырақ шығар".Ерұлан Жамаубаев

Сонымен қатар министр журналистердің жаңа министрліктерге қанша қаржы керек деген сауалына да жауап берді. Оның айтуынша, экономиканың өсуі әкімшілік шығындарды жабудан да көп болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: