Қаржы министрлігі: Қазақстанда күніне 100-150 адам банкрот деп танылып жатыр

Сурет: freepik
Сенат кулуарында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қанша қазақстандық банкрот деп танылуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, күніне 100-150 адам банкрот деп танылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ержан Біржанов заңнамаға сәйкес тексеру жүргізуге алты ай мерзім берілгенін атап өтті.

"Біз наурыз айында өтінішті қабылдап, банкроттық туралы шешімді бірден шығара алмадық, яғни алты ай мерзім қажет болды.Бұл мерзім қыркүйекте аяқталды, банкрот деп тану рәсімі басталып жатыр. Кешегі жағдай бойынша 377-ден астам адам банкрот деп танылды. Күн сайын (статистиканы қадағалап отырмын) 100-150 адам банкрот мәртебесін алады", – деді Қаржы министрінің орынбасары.

Жалпы, оның деректеріне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 10 мыңнан астам ықтимал банкрот бар. Соттан тыс банкроттық туралы өтінішті Қазақстанның 65 мың азаматы берген.

5 қыркүйекте жарты жылда қанша қазақстандық банкрот мәртебесін алғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды