Елімізде жеңіл көліктердің импортынан кедендік төлемдер мен салықтар 2,6 есеге көп түскен

Сурет: akorda.kz
2023 жылдың 8 айында Қазақстанға құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 93,9 мың автокөлік әкелінген. Аталған импорттан 260,2 миллиард теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 2,6 есеге көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеу электрондық түрде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады, осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке  қатысушысы өзінің электронды цифрлық қолтанбасымен қол қойып, тауарларға декларацияны өзі  кез-келген жерден, үйден шықпай-ақ, ұсынуына мүмкіндігі бар.

"Бұл ретте, бақылау және тауарларға арналған декларацияларды шығаруға байланысты кедендік функциялар толығымен орталықтандырылып, Бас диспечерлік басқарманы құрылды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тікелей байланыс алынып тасталды. Кедендік бақылау тек қана мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады", деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импорттаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құнын анықтау кезінде көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты жұмсаған шығындарын есепке алуға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).

Сондықтан көлік құралын кедендік тазарту барысында кедендік құнның қабылдануы үшін оның құны сенімді, сандық жағынан анықталған және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек.

Мысалы: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, бантік аударым, аукциондық парақ және т.б.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды