22 қыркүйектегі саудада доллар сәл арзандады

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,84 теңгеге төмендеп, 475,25 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,19 теңгеге дейін өсті (+0,15).

Еуро бағамын Ұлттық банк 506,95 теңге, рубльді 4,96 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475-478 теңге, еуро 505-509 теңге, ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 22 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,23%-ға өсіп, барреліне 93,51 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қараша айындағы бағасы 0,40%-ға өсіп, барреліне 89,99 доллар болды.
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты