Министр Жамаубаев жеке тұлғалардың банкротқа ұшырау шарттарын өзгертуді ұсынды

Сурет: freepik
ҚР парламенті мәжілісіндегі үкімет сағатында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкрот рәсіміндегі кейбір кедергілерді жоюды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы 3 наурыздан бері 68 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 55 мың өтініш банкрот рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмейтіні анықталды. Министр адамдардың банкрот рәсімінен бас тартуының негізгі себептерін атады:

"Нәтижесінде бүгінде 8 млрд теңгеден астам берешегі бойынша 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды, 1200-ден астам азамат сот органдарына банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін жүгінді, 35-тен астам азамат банкрот деп танылды".Ерұлан Жамаубаев

Алайда оның айтуынша, кейбір кедергілерге байланысты жеке борышкерлер банкрот туралы өтініш бере алмайды.

Ерұлан Жамаубаевтың ұсынысы:

"Қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер топтамасы:

• халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге;

• алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға;

• банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті