Ұлттық банк басшысы бірнеше несиесі бар екенін жасырмады

Сурет: akorda.kz
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 1 қарашада мәжіліс алаңында бірнеше тұтыну несиесі бар екенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Сүлейменовтің аз болғанымен, несиесі бар екені белгілі болды.

"Несиеге бірдеңе аламын ба? Әрине, аламын. Егер дүкеннен теледидар немесе микротолқынды пеш сатып алсам, оны бөліп төлеу немесе несиеге алу тиімді болатынын көрсем, оны несиеге аламын. Басқалар сияқты... Менікі енді 24 айлық төлем емес. Бірақ бірнеше тұтыну несием бар".Тимур Сүлейменов

Сонымен қатар ол өзінің жинағы бар екенін және соған үнемі жалақысының бір бөлігін бөліп отыратынын айтты.

"Менің ойымша, бұл – дұрыс тәжірибе. Сіздің жалақыңыз қанша болса да, мүмкін болса, оның бір бөлігін үнемдеу керек. Өйткені бәріміздің баламыз бар немесе болашақта болады. Біз бәріміз өмір сүру жағдайымызды жақсартқымыз келеді. Сондықтан меніңше, ақша үнемдеу – өмірдегі өте маңызды әдет".Тимур Сүлейменов
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды