СҚО прокурорлары бюджет қаражатынан 4,3 млрд теңгені жұмсамақ болғандарды ұстады

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады.

Прокуратураның хабарлауынша, қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы" ҚР Заңының талаптарын бұза отыра сомасы 2,5 млрд теңге көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджет кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген.

"Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген. Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды. Жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды". Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы түрлі жауапкершілікке тартылды, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды. Ақырында сомасы 4,3 млрд теңге бюджет сомасын жұмсаудың алды алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз