Арнайы белгіні орнатпаған газбен жүретін көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап газбен жүретін көлік жүргізушілері арнайы белгі орнатуы қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда және интеграция министрлігі арнайы белгі болмаса, қандай көлемде айыппұл болатынын  түсіндірді.

"Таңба газ жабдығымен жабдықталған автокөліктерге міндетті болғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сай 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", - делінген ведомство хабарламасында.

Газ жабдығы бар автомобильдердегі ерекше белгі – қара жиегі бар сары теңбүйірлі үшбұрыш. Онда "GAS" деп жазылған, леп белгісі қойылған.

Сонымен қатар бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде, белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.

Бүгінде Қазақстанда 380 мыңнан астам автокөлік газбен жүреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады