6 желтоқсандағы саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,54 теңгеге төмендеп, 459,46 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,29 теңге (-0,21) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 499,32 теңге, рубльді 5,03 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,3-462,3 теңге, еуро 496-498,5 теңге, ресей рублі 4,99-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 6 желтоқсандағы саудада төмендей түсті.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы 1,53%-ға төмендеп, барреліне 77 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қаңтардағы баға белгіленімі 1,31%-ға төмендеп, барреліне 72,14 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты