20 желтоқсандағы саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 456,18 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,98 теңге (-0,18) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,1 теңге, рубльді 5,08 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 456,9-459,3 теңге, еуро 497-501 теңге, ресей рублі 4,99-5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.
20 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 0,80%-ға өсіп, барреліне 79,86 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының ақпандағы фьючерстері барреліне 0,99%-ға өсіп, 74,67 доллар болды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз