Кәсіпкерлерге жүргізілген тексеруден кейін бюджетке салық пен төлемдер түрінде 348 млрд теңге түсім түсті

Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 11 айда 18 657 салықтық және кедендік тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 348 млрд теңге есептеліп, оның 234 млрд теңгесі бюджетке түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл тексеру саны 2 274-ке аз және 241 млрд теңгеге аз есептелген.

Есесіне, түсімдер сомасы 117 млрд теңгеге артық шыққан.

Құзырлы ведомство тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүзеге асырылатынын нақтылайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жаңа медициналық тексеру ережелері туралы қауесеттен кейін жүргізушілерге үндеу жасады

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Иранға әуе соққыларын жалғастырып жатыр