25 желтоқсандағы саудада доллар арзандады

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,87 теңгеге төмендеп, 457,63 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайда 2023 жылғы 25, 26 желтоқсандағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 505,75 теңге, рубльді 5,01 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,3-460,3 теңгеге, еуро 500-503 теңгеге, ресей рублі 4,91-5,05 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

25 желтоқсанда әлемдік нарықта мұнай сатылмады.

22 желтоқсанда Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің құны 0,45%-ға арзандап, барреліне 78,80 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың 2024 жылдың ақпан айындағы фьючерстері 0,45%-ға төмендеп, барреліне 73,56 доллар болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды