Елімізде кәсіпкерлер қолма-қол ақша талап етсе не істеу керек

Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлері қолма-қол ақша талап еткен қазақстандықтарға не стеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Primeminister.kz сайтына 15 қаңтар күні жарияланған сұхбатында Қаржы министрі Қазақстанда төлем түрлерінің тізімі берілген "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" арнайы заң бар екенін еске салды. Онда мынадай төлемдер қарастырылған:

"Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде банк карталары немесе QR кодтары қолданылады. Осыған байланысты кәсіпкерлер төлемді тек қолма-қол ақшамен талап етсе, сатып алушылардың құқығы бұзылады. Сондықтан мұндай талаптар заңсыз деп танылады".Ерұлан Жамаубаев

Оның айтуынша, кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлем жасағанда тауардың құнын шарықтатып жіберсе, бұл да заңға қайшы. Өйткені тауардың құны қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде де, қолма-қол төлеу кезінде де бірдей болуы керек.


"Осындай жағдай болса, оған арнайы байланыс орталығы бар. 1414 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Соған қарай біз тиісті шараларды қабылдаймыз", - деп қосты Ерұлан Жамаубаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін