Елімізде онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілмек

Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкіметтің YouTube арнасына берген сұхбатында онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерұлан Жамаубаев "Кәсіпкерлер кірісін жасыру үшін көлеңкелі бизнеске бара ма? Тексеру экономиканың ашықтығына қалай әсер етеді?" деген сұрақтарға жауап берді.

"Бұл жерде нақтылай кететін ең басты нәрсе, елімізде негізінен кәсіпкерлердің басым бөлігі заңды түрде жұмыс істейді. Сондықтан олар көлеңкелі бизнеске барады деп ойламаймыз. Керісінше, біздің мақсатымыз - соларды ынталандыру. "Көлеңкеде" болмай, ашық жұмыс істеуіне жағдай жасау", - деді министр.

Министр шағын және орта бизнеске түсетін салық жүктемесі 1-4% екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл көп көрсеткіш емес.

"Сондықтан біз керісінше, кәсіпкерлерді көлеңкелі экономикадан ашықтыққа көшіруге тырысамыз. Олар кез келген ыңғайлы схемаларды пайдаланып, солармен жұмыс істей алады. Ол үшін цифрландыруды енгізіп жатырмыз. Олардың заңды бұзбай жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бар".Ерұлан Жамаубаев

Сонымен қатар министр кейінгі 3-4 жылда көлеңкелі бизнес үлесін 27-ден 18,8%-ға дейін қысқартқанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі болды

9 маусым – Халықаралық архивтер күні

Жұмаға қараған түні Жер магнитті дауылдың ықпалында болады

Еңбек демалысы қанша күнге созылады - министрлік мәлімдемесі

Қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айыратын түзету енеді