Қазақстан азаматтары 2023 жылы шетелге қанша миллиард теңге аударды

Ақша, Ұлттық банк, халықаралық ақша аударымдары Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2024 жылы 14 наурызда ҚР Ұлттық банкі халықаралық ақша аударымдары жүйесі бойынша есеп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,33 трлн теңге болды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 26%-ға төмен (төмендеу, көбіне, алынған аударымдардың көлеміне қарай белгіленеді).

"Операциялардың 95% көлеміндегі елеулі үлесі – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі. Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген жиынтық түріндегі ақшалар көлемінің 72%-ын шетелге жіберілген аударымдар құрады. Олардың жалпы сомасы 2023 жылы 961,4 млрд теңгеге жетті. Бұл аударымдардың шамамен 80%-ы "Золотая Корона" жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Қазақстаннан шетелге жүргізілген бір аударымның орташа сомасы – 372,2 мың теңге", делінген хабарламада.

Осы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы аударылған ақшаны алушы негізгі елдер: 

"Жиынтық көлемнің 23%-ы шетелден алынған ақша аударымдарынан тұрады. Олардың көлемі осы кезеңде 305,8 млрд теңгеге жетті. Бұл операциялардың едәуір бөлігі "Золотая Корона" мен "Вестерн Юнион" төлем жүйелеріне тиесілі". ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Шетелден Қазақстанға жүргізілген бір аударымның орташа сомасы 282,3 мың теңге болыпты.

Бұл аударымдарды жөнелтуші негізгі елдер: 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады