Несиеден ерікті түрде бас тарту ақпаратын банктер мен МҚҰ есепке алатын болады

Сурет: Zakon.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер микроқаржы ұйымдары үшін микрокредит алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін талап етуге тыйым салуды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың кредиттік есебінде несие алудан ерікті түрде бас тартуы жағдайы болған кезде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кредит беруге тыйым салуды көздейді.

Несие беру кезінде өтінім жасаушының несие тарихында өз еркімен кредиттен бас тарту фактісі тіркелген болса, банк несие беруден бас тартады.

Осыған ұқсас норма микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібіне де қосылды.

Микрокредит беру туралы шарт бойынша, МҚҰ-ның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде жинауға, өңдеуге тыйым салынатыны нақтыланды.

Микрокредит туралы шарттың жалпы талаптарында, басқа мәліметтермен қатар, қарыз алушы – азаматтың тұрғылықты мекенжайы, тұрақты жұмыс істейтін органының мекенжайы көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, МҚҰ-ға да микрокредиттерді электрондық тәсілмен беру кезінде өтінім берушінің кредиттік есебінде микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуы туралы ақпарат болса, микроқаржы ұйымына да несие беруге тыйым салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты