Жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болмақ - Ұлттық банк басшысы жауап берді

Жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болмақ - Ұлттық банк басшысы жауап берді Сурет: Zakon.kz/Тамила Муратбек
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов 21 Маусымда мәжіліс аясында 2024 жылдың соңына дейін теңгенің долларға қатысты бағамы қандай деңгейде қалыптасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 5,1% - ға дейін өсті, осыған байланысты теңге бағамы жыл соңына қарай 1,7% – ға, содан кейін 2024 жылдың басынан бастап тағы 1,7%-ға нығайды.

"Биылғы жылы экономика өткен жылдағы деңгейде емес, тек 3-4%. Сондықтан теңгені нығайту іргелі сипат алған жоқ, ол тек Ұлттық қордан трансферттерді ұлғайту есебінен нығайды. Бұл трансферттер қазір азайып келеді, демек, Үкімет ағымдағы фискалдық жағдайды шешіп жатыр", - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Ол биылғы жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша теңгенің орташа жылдық бағамы бір доллар үшін 460 теңгені құрауы тиіс екенін атап өтті.

"Бірақ біз болжам жасамаймыз, өйткені бұл нарықтық механизм. Дегенмен шамамен 460 теңгенің ар жақ- бер жағында болады деп ойлаймыз. Уайымдаудың қажеті жоқ, қандай да бір күрт өзгерістер күтілмейді", – деп сендірді Тимур Сүлейменов.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, 18 маусымдағы доллар бағамы – 459,6 теңге, еуро – 493,06 теңге, рубль – 5,38 теңгеге сараланғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

34 көлік, пәтер, пентхаус пен үй тәркіленді: 290 қазақстандықты миллиардтаған теңгеге алдап кетті

Қазақстанда орташа жалақы қаншаға көтерілгені белгілі болды

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер қаншадан сатылады

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты түпкілікті шешім қабылданды