Қазақстандағы зейнетақы туралы жаңа деректер: зейнеткерлер саны мен орташа зейнетақы мөлшері

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Бұл туралы 18 шілдеде ҚР Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода келесі ақпарат берілген:

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 275,8 млрд теңге қарастырылды".

Сондай-ақ, министрлік елімізде қанша зейнеткер тұратындығын айтты.

"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам". ҚР Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұдан өзге, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге.

Ведомство зейнетақы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты