Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстанды монеталар арқылы таны" монеталар сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын 2024 жылдың 28 тамызынан бастап сатуға шығарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монеталар күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған. 

Монета күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған монетаның массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы  – proof , номиналы  – 2 000 теңгелік, таралымы  – 300 (үш жүз) дана.


Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Сондай-ақ МН 25 мельхиор қоспасынан жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated , номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.


Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің мәліметінше, күмістен жасалған WORLD PAINTING монеталары кәдесый қаптамасында шығарылады. ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.   

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.

Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Бұған дейін Ұлттық банк айналысқа шығарған Рахымжан Қошқарбаев пен Кемел Ақышевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды таныстырған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті