Олигарх Нұрлан Тілеубаевтың ісі бойынша апелляциялық сатыдағы сот үкімі жарияланды

Сурет: YouTube/pmkz
2024 жылы 24 қыркүйекте Астана қалалық соты олигарх әрі ыдырап кеткен Delta Bank-тің ірі акционері Нұрлан Тілеубаевтың апелляциялық шағымы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, апелляциялық шағымдарда сотталған мен оның адвокаты ақтауды, жәбірленуші мен мүдделі тұлға үкімді өзгертуді сұрады.

"Сотталғанның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, маманның, сараптаманың және аудитордың қорытындылармен дәлелденгендіктен үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді", делінген сот хабарламасында.

Айат кетсек, 2024 жылы 19 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Нұрлан Тілеубаевты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танып, үкім шығарды. Неғұрлым қатаң жазамен сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2012-2017 жылдар аралығында Нұрлан Тілеубаев көрінеу қайтарымсыз несиелер беру арқылы "Delta Bank" АҚ-тан ірі көлемде ақшалай қаражат шығарып алғаны анықталды. Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүліктік активтер мен объектілерін бұғаттауға санкция берілді. Тілеубаев пен оның компанияларының заңсыз қызметі кесірінен "Қазинвестбанк" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "БЖЗҚ" АҚ зардап шекті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты