Әлеуметтік аударымдар мен бірыңғай төлемді қалай төлеуге болады: өзгерістер енгізілді

Фото: pexels
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 10 қазандағы бұйрығымен бірыңғай төлемді уақтылы және толық төлемегені үшін бірыңғай төлемнің немесе өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта әлеуметтік аударымдар мен бірыңғай төлем жиынтық төлем тапсырмасы бойынша төленетіні нақтыланды.

Жиынтық төлем тапсырмасы 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданады:

Әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде жиынтық төлем тапсырмасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша: Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса); ЖСН; әлеуметтік аударым сомасы; әлеуметтік аударым төленетін кезең (ай, жыл) көрсетіледі.

Төлемнің аударылатын сомасы Салық кодексінің 776-3-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген мөлшерде көрсетіледі.

Сондай-ақ, жаңа редакцияда формалар да көрсетілген:

Барлық өзгерістер туралы мына жерден оқи аласыз.

Бұйрық 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді