Әрбір қазақстандыққа орташа есеппен қанша қолма-қол ақша келеді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2024 жылы қолма-қол ақша көлемі айтарлықтай өсті. Осының есебінен әрбір азаматқа есептегенде қолма-қол ақшаның орташа мөлшері де ұлғайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі рекордтық 165 трлн теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Жалпы, көрсеткіш ЖІӨ-нің 123%-ын құрады, жағдай қолма-қол ақшасыз төлемдердің экономикаға одан әрі енуін көрсетеді. Бұл жайлы ҚҚҚ талдау орталығының шолуында айтылған.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу инфрақұрылымының кеңеюіне және олардың көлемінің өсуіне қарамастан, қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі бір жыл бұрынғы 86,2% көрсеткіштен небәрі 86,7%-ға дейін ғана өсті.

"Қолма-қол ақшасыз операциялар үлесінің сақталуы қолма-қол ақша көлемінің 20%-ға, жоғары инфляциялық процестер, мобильді аударымдарды фискалдау жөніндегі бірнеше науқандар, көлеңкелі экономика үлесінің тұрақтылығы (шамамен 18%) аясында 4,4 трлн теңгеге дейін айтарлықтай өсуіне байланысты". ҚҚҚ

Сондай-ақ, шолуда бір жыл бұрынғы 184 мың теңгеге қарағанда әрбір қазақстандыққа орта есеппен 218 мың теңге қолма-қол ақша тиесілі екендігі атап өтілді.

Банкоматтар арқылы ел азаматтары 25,4 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды, 2023 жылғы 22,9 трлн теңгемен салыстырғанда өсім 11%-ды құрады. Бұл ретте өсімнің 82%-ын үш өңір қамтамасыз етті. Бұл Алматы – 1,4 трлн теңгеге, Шымкент – 389 млрд теңгеге және Жетісу облысы-249 млрд теңгеге. Банкоматтардан алу бойынша орташа чек 94,7 мың теңгеден 106,4 мың теңгеге дейін немесе 12,4%-ға ұлғайды.

Бұған дейін Алматыдағы вирустық ахуалдың қандай екенін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз