Еліміздің екі өңірінде мемлекеттік кірістер департаменті басшылары ауысты

Сурет: gov.kz
Қазақстанның екі облысында мемлекеттік кірістер департаменті басшылары ауысты. Бұл туралы 2025 жылғы 26 мамырда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Ұлан Өмірзақов тағайындалды.

Ол 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

Мемлекеттік кірістер органдарында 2004 жылдан бастап жетекші инспектор лауазымында жұмыс істей бастады. Кейін бас маман, бөлім басшысы, Аудандық басқармалардың басшысы, кеден бекеті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы екі жылда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Есембеков Кенжеғазы тағайындалды.

Ол 2000 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы мемлекеттік кірістер органдарында Балқаш қаласының салық инспекциясы, салық агенті қызметінен бастаған. Жетекші салық инспекторы, бас маманы, бөлім бастығы, Аудандық басқармалардың басшысы, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Соңғы екі жылда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

Бұған дейін "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы коммерциялық директоры 4,5 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Атырау
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты