Мұнай, алтын және швейцариялық франк қымбаттады

Фото: unsplash
Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында мұнай, алтын және швейцариялық франк бағасы өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNBC мәліметінше, бейсенбі кешінде Израиль АҚШ-тың қолдауынсыз Иранға әуе шабуылын жасағаннан кейін шикі мұнай фьючерстері 13%-ға қымбаттаған. Америкалық West Texas Intermediate маркалы мұнайының бағасы соңғы рет 11,38%-ға өсіп, барреліне 75,82 долларды құрады, ал әлемдік эталон Brent маркасының бағасы 10,28%-ға өсіп, барреліне 76,48 долларға жетті.

Ұқсас жағдай швейцариялық франк пен алтын бағасына да әсер етті. Сонымен қатар, америкалық және азиялық қор индекс­тері төмендей бастады.

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт өсуі Қазақстанға бюджетке қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасағаны хабарланған болатын. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл әскери операцияның мақсаты — Иранның ядролық инфрақұрылымына соққы жасау екенін мәлімдеді. Израиль бұл шабуылды "өзін-өзі қорғау үшін қажет" деп атады.

Кейінірек шабуыл кезінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами мен Исламдық Азад университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапқаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін