ҚМА жүктілік, босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау фактілерін анықтады

Сурет: pixabay
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек түріндегі әлеуметтік төлемдердің заңсыз тағайындалу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024–2025 жылдар аралығында агенттіктің өндірісінде 1,2 млрд теңге көлеміндегі залалмен 13 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, делінген ҚМА баспасөз қызметінің 2025 жылғы 6 қыркүйектегі хабарламасында.  

"Жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды заңсыз тағайындау деректері бойынша 10 іс тергеліп, олардың заңсыз схемаларды ұйымдастырған 15 адам жауапқа тартылды. Жалған жұмыспен қамту арқылы 385 жүкті әйелге шындыққа сай келмейтін мәліметтер негізінде жәрдемақы тағайындалып, бұл мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірді". Қаржылық мониторинг агенттігі

Сондай-ақ агенттік тергетексеру шаралары барысында анықталған фактілер бойынша мынандай мысалдар да келтіреді:

Анықталған барлық істерде қылмыстың жасалу тәсілі бірдей болған. Қаскүнемдер жүкті әйелдерді арнайы құрылған жеке кәсіпкерліктерге жалған жұмысқа орналастырып, өткен күнмен ең жоғары әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын рәсімдеген. Осылайша, олар көтеріңкі төлемдер алуға негіз жасаған.

"Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша да 15 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 3 сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрлау схемасы бас бухгалтердің сенімді тұлғаларды әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енгізуінен тұрған. Бұл адамдар әлеуметтік осал топқа жатпаған. Осы деректер негізінде төлем тапсырмалары рәсімделіп, басшылықпен бекітілгеннен кейін қаражат жалған тұлғалардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыбайластар арасында бөлінген". Қаржылық мониторинг агенттігі

2023 жылдан бастап құжаттарды рәсімдеу мен әлеуметтік осал топ мәртебесін eGov порталы арқылы алу процесінің цифрландырылуының арқасында мұндай алаяқтықтарға жол берілмейтіні де нақтыланады.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды, сондай-ақ қылмыстардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында агенттік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті ұсыныстар жолдады.


"Атап айтқанда, қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілді: жәрдемақыларды тағайындау кезінде енді "өткен" күнмен төленген зейнетақы жарналары ескерілмейді. Мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау жұмыстары жалғасуда", делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚМА нысанасына іліккен танымал блогерлердің аты-жөнін жариялаған болатынбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты